Жаңалықтар

Сүйіндіков тағы да сүйсіндірді

ашық дереккөзі

Сүйіндіков тағы да сүйсіндірді

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылына соңғы жылдары Қытай елінен көшіп келген қандастар мекен етіп жатыр. Көшіп келген ағайынның ішінді тұрмыс тіршілігі әлі оңала қоймаған әлеуметтік жағдай төмен, көмекке мұқтаж отбасылар бар. Олардың дені көп балалы отбасылар. Көшіп келгендердің көбі қызметке әлі орналаса алмаған. Оның өзіндік себептері де бар көрінеді. Әсіресе, «әлі күнге Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргендер бар», – дейді белсенді Жазира Көкбасқызы. Сондықтан да жұмыспен қамтылу мәселесі әлі күрделі. Қандастар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «Отандастар қоры» жанынан құрылған қандастарды ақпараттық қолдау орталығының СҚО бойынша фронт-кеңсесіне өз жағдайларын айтып, көмек сұраған болатын! Аталған мұқтаж отбасыларға қол ұшын беріп, көмек көрсетіп жүрген азаматтар – Арман Сүйіндіков және Тұрғынжан Шәлен. Бұл азаматтар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «Отандастар қоры» жанынан құрылған қандастарды ақпараттық қолдау орталығының СҚО бойынша фронт-кеңсе жетекші мамандар. Тұғынжан Шәлен өзі де Қытай елінген көшіп келіп, өз ісін дөңгелетіп отырған азамат. Қазір Есіл ауданы бойынша қандастарға қол ұшын беріп, құжаттандыру мәселесінде ақпараттық қолдау көрсетеді. Аталған белсенді азаматтар елдімекендерде тұратын көмекке зәру қандастарғарды қажетті азық-түлікті қамтамасыз етті. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастының және «Отандастар қоры» Солтүстік Қазақстан бойынша филалы және Петропавл қаласындағы фронт-кеңсесі көмекке мұқтаж қандастарға қай тұрғыда қол ұшын беріп, қал-қадірімізше көмектесуге әзірміз», – дейді қандастарға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Арман Сүйіндіков мырза. Ал бұл қайырымдылық көмкетен тыс Манаш Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситеті Foundation факуль­тетінің деканы Алмагүл Абдолханмен бірлесе отырып, талапкерлердің бос уақытында еркіті түрді маска тігіп, мұқтаж жандарға таратқан. Талапкерлер мен ұстасдарға тисті техникалық құрал-жабдықтардың Арман Сүйіндіковтың өзі демеушілік жасаған. Осылайша қиын сәттерде Солтүстік аймақтағы ағайынның жұмыла істеген жұмысы баршаға үлгі болды.