Жаңалықтар

Африкада 1,7 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды

Африкада 1,7 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды

Африкада коронавирус құрбандарының саны 1691-ге жетті. Құрлықта 40 635 адам індет жұқтырған. Бұл туралы ДДСҰ-ның өңірлік өкілдігі мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

«Африка құрлығында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 40 мыңнан астам дерегі  тіркелді. Індеттен 1600-ден астам адам көз жұмды», - делінген өкілдіктің Twitter-дегі мәлімдемесінде. Құрлықта індет жұқтырудың ең көп дерегі ОАР-да (5951) анықталған. Сондай-ақ, Египет (5895), Марокко (4529)  және Алжирде (4154) вирустың таралуы өршіп тұр. Материктегі Нигерия (2170), Гана (2074)  және Камеруннен (2069) өзге мемлекеттерде індет жұқтырғандар саны 2 мыңнан аспаған. Коронавирустан көз жұму деректері жөнінен Алжир алда тұр. Онда 453 адам көз жұмған.  Египетте – 406, Мароккода – 171 адам қайтыс болған. Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 млн адамнан асып жығылды.  1 080 156 адам емделіп шықса,  дерті асқынған 239 566 науқас көз жұмды.