Дубайдан Талдықорғанға ұшып келген жолаушылар коронавирус жұқтырмаған

Дубайдан Талдықорғанға ұшып келген жолаушылар коронавирус жұқтырмаған

Дубайдан Талдықорғанға ұшып келген жолаушылар коронавирус жұқтырмаған
ашық дереккөзі
30 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға ұшып келіп, Қапшағай маңында карантинге жатқызылған 171 жолаушының ешбірінен коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.  Шетелден келген отандастарымыз әкімдік тарапынан ұйымдастырылған арнайы автобустармен үйлеріне таратылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанға БАӘ-нен 137 жолаушысы бар ұшақ қонып, жолаушылар екі күндік карантиннен соң тұрғылықты мекенжайына қайтқан болатын. Олардың да барлығының анализі теріс нәтиже көрсетті.