COVID-19: Ресейде 124 мыңнан аса адам індет жұқтырған

COVID-19: Ресейде 124 мыңнан аса адам індет жұқтырған

COVID-19: Ресейде 124 мыңнан аса адам індет жұқтырған
ашық дереккөзі
Өткен тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9623 жаңа дерегі тіркелді. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 124 054-ке жетті. Бұл туралы Ресейдің  коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады. Штаб дерегінше, індеттен 15 013 адам сауығып, 1222  адам қайтыс болған. Вирусты жаңа жұқтырғандардың 4 488-інде (46,6%) аурудың ешқандай белгісі болмаған. Індет жұқтыру көрсеткіштері жөнінен Мәскеу қаласы алда тұр. Ел астанасында соңғы тәулікте 5 358 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркеліп, жалпы инфекция жұқтырғандар саны 62 658-ге жетті. Сонымен қатар, 82 аймақта инфекцияны жұқтыру фактілері тіркелді. Оның ішінде Мәскеу облысында - 807, Санкт-Петерборда - 323, Нижегород облысында - 320, Мурманскіде 143 және Дағыстанда 109 адамнан коронавирус анықталған. Бір тәулік ішінде Ресейде 57 адам індеттен көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3785-ке жетті. 965 адам емделіп шықты. 25 адам қайтыс болды.