«Дүрлігіп, үрейленбеңіздер»: Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтарға жағдайды түсіндірді (видео)

Түркістан облысының әкімі Мақтаарал ауданы тұрғындарына бейнеүндеу жолдап, жағдайды түсіндірді. 

«Өзбекстан тарапымен сөйлестім. Ол жақта қоймадан шыққан су тоқтатылған. Мақтаралдағы коллектордың қуаты – секундына 120 текше метр. Алайда түнімен секундына 180 текше метрден су ағып, салдарынан ауылдарды су басқан. 4 елдімекеннен 5400 адам көшірілді. Оларға тиісті көмек көрсетіліп, қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Қазір біз су басқан өңірлерді қайтадан аралап, тексеріп шығамыз. Су басу қаупі сейілсе, халқы көшірілген үйлерді күзетке аламыз. Мүлкін, малын полиция қорғайды. Мал мен адам шығыны жоқ. Су деңгейі әлі де көтерілсе, тағы 4 елді мекеннің халқын эвакуациялаймыз. Ол – Нұрлы жол, Фердауси, Жантақсай және Жайлыбай ауылдары. Қазір дүрлігіп, үрейленбеңіздер. Бәрі реттеледі. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды реттеуге облыстық толық мүмкіндігі бар», – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button