Пандемия 2022 жылға дейін созылады – АҚШ ғалымдары

Пандемия 2022 жылға дейін созылады – АҚШ ғалымдары

Пандемия 2022 жылға дейін созылады – АҚШ ғалымдары
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін. Планета тұрғындарының үштен екі бөлігінде вирусқа қарсы иммунитет пайда болғанда ғана бұл індетті ауыздықтауға болады. Бұл туралы АҚШ-тың Миннесота университеті жанындағы инфекциялық ауруларды зерттеу орталығының баяндамасында айтылған, деп жазады Life.ru — Пандемия 18 айдан 24 айға дейін созылуы ықтимал. Әлемнің 60-70 пайызында бұл вирусқа қарсы иммунитет пайда болғанша індеттің таралуы тоқтамауы мүмкін,  - делінген баяндамада. Зерттеушілердің бағалауынша, мемлекеттердің карантин тәртібін жеңілдетуі CoViD-19  инфекциясының жаңа толқынының пайда болуына әкеліп соғады. Демек, пандемияның қауіпті кезеңі 2022 жылға дейін, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін.  Ғалымдар ғаламшар тұрғындары вирустың  мезгіл сайын таралуына дайын болуы қажет дейді. Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3,2 млн адамнан асып жығылды. Індеттен 233 мыңнан аса адам көз жұмды. Ал Қазақстанда 3574 адамнан коронавирус анықталды. Дерті асқынған 25 науқас көз жұмды.