Тіркеуі болмаса дәрігерге қарала алмай ма?

Тіркеуі болмаса дәрігерге қарала алмай ма?

Тіркеуі болмаса дәрігерге қарала алмай ма?
ашық дереккөзі
Көші-қон заңына сәйкес қан­дас­тарға Қазақстан азаматтары­мен бірдей мемлекеттік медициналық көмек алуға кепілдік берілген. Ме­ди­ци­налық тексеруден өтуге хақылы. Бұл үрдісті Көші-қон комитетінің жер­гілікті департаменттері бақылайды. Алай­да облыс орталықтары мен ау­дан­дарда медициналық көмектің са­па­сына қарай айырмашылығы әр­түрлі. Ондай айырмашылық бастапқы ме­дициналық көмекте де, толық ме­ди­циналық тексеріс өткізгенде де бо­лады. Осыған байланысты қандастарды ме­ди­ци­налық тексерістен өткізудің біркелкі тәр­тібі бекітілмеген.  Қандастар алғаш елге ке­ліп, ықтиярхатқа тапсырар кезде меди­цина­лық тексерістен өтеді. Өтіп болғаннан кейін аза­маттық алғанша мемлекеттік медициналық орындарда дәрігерлік көмек алуларына құқығы бар. Қандастар өзінің бұл заңды мүмкіндіктерін пайдалана білуі, құқығын талап ете алуы тиіс. БҰҰ-ның даму бағдарламасы және Халық­ара­лық көші-қон ұйымы Қазақстандағы миг­рант­тардың проблемаларын зерттеу ба­рысында этникалық қазақтардың денсау­лы­ғы­на алаңдаушылық білдіріпті. Көптеген қан­дас­тар ауруды асқындырып алғанда ғана дәрі­гер­лерге қаралады. Сұрақ қою нәтижесі көр­сет­кен­дей, қандастардың басым бөлігі (79 пайыз) ме­ди­циналық көмекті мемлекеттік медици­на­лық мекемелерден алса, 12 пайызы үйлерінде өз­дігінен емделеді. 4 пайызы жеке медициналық ор­талықтарда емделсе, 2 пайызы жергілікті тәуіп­терге барып емделеді екен. Қазақстан заңнамаларына сәйкес қан­дастар жергілікті медициналық мекеме­лер­ге қаралуға хақылы деп айтқанымызбен, заң­ның бұл тетігі жиі бұзылады. Тұрақты тір­кеуі болмаған соң, қарала алмай жүрген немесе же­кеменшік орындарға баратынын айтады. Ауахан Ыдырысқызы – 2019 жылы жел­тоқсан айында Алматы облысы Ұзы­на­ғаш ауданына Қытайдан көшіп келген қан­да­сы­мыз. Соңғы уақытта қысымы көтеріліп, жиі ауы­рып қалады екен. Тұрақты тіркеуге тұрып, ықтиярхат әлі ала алмаған. – Әлі баспанамыз да жоқ. Туыстарды жаға­лап жүрміз. Балам 5 ай бойы жұмыс істей алмай жүр, құжаттары болмаған соң. Менің қан қысы­мым жиі көтеріліп кетеді. Дәрігерлерге барсақ, тіркеуің  жоқ  деп  қарамайды. Ақыры ақ­ша­мызды төлеп, жеке дәрігерге қаралып жүр­мін, – дейді қандасымыз. Ата заңымызда мемлекеттің басты құн­ды­лығы адам екені тайға таңба басқан­дай жазылғаны белгілі. Ендеше әрбір азаматтың білім алуға, емделуге т.б. құқықтары сақталуы тиіс.