1 миллионнан астам масканы шекара асырмақ болғандар ұсталды

Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 «2020 жылдың 1 мамырында Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін ұстады», – делінген комитет хабарламасында.

1 миллионнан астам масканы шекара асырмақ болғандар ұсталды

Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен, 118 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button