ШҚО-да жазасын өтеушілер дәрігерлерге ерекше тарту жасады

ШҚО-да жазасын өтеушілер дәрігерлерге ерекше тарту жасады

ШҚО-да жазасын өтеушілер дәрігерлерге ерекше тарту жасады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуші сотталғандар екікүндік жылыжайдан жинаған көкөніс өнімдерін Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz. “Ел басына төнген қауіпті індет кезінде барлығымыз жұмылған жұдырықтай болатын уақытымыз келді, міне сол себепті жылыжайымыздың екікүндік өнімін біз медицина қызметкерлеріне жіберіп отырмыз”, -деді сотталған Фархад. “ОВ-156/14 мекемесінен келген тартуға өз атымнан және барлық карантинде ұсталатын адамдар атынан алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіз бен құрметтеріңіз үшін рахмет айтамын, біз үшін ол өте маңызды”, – деді инфекционист дәрігер Анар Мұкатаева. Еске сала кетейік, ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеушілер бұған дейін өздерінің өнімдерін Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне тарту еткен болатын. Осындай қамқорлық акциясын сотталғандар бірінші рет өткізіп отырған жоқ. “Қазіргі уақытта дәрігерлер ерекші қамқорлыққа мұқтаж. Біз олардың жұмысына тәнтіміз. Осы жәшіктегі көкөністер оларға күш-қуат береді деп ойлаймыз. Өйткені олар ауыржүктемелі жұмыс кестесімен тіпті тамақтануға да үлгермейді. Тарту етіліп отырған көкөністер қажеттілігі маңызды деп ойлаймыз”, – дейді мекеме басшысының орынбасары Айдын Калелов.