Ұлыбританияда мектептер мен балабақшалар жұмысы қайта жанданбақ

Ұлыбританияда мектептер мен балабақшалар жұмысы қайта жанданбақ

Ұлыбританияда мектептер мен балабақшалар жұмысы қайта жанданбақ
ашық дереккөзі
Ұлыбритания короновирус инфекциясының шарықтау шегінен өтті. Індеттен айығып, қызметіне оралған елдің премьер-министрі Борис Джонсон осындай мәлімдеме жасады. Үкімет басшысы келер аптада карантин шараларын жеңілдету бойынша жан-жақты қамтылған жоспар жариялайтындығын хабарлады. Десе де, Борис Джонсон мемлекетте пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін екенін ескертті. – Келер аптада мен экономиканы ілгерілету, мектептер мен балабақшалардың жұмысын қайта жандандыру бойынша кешенді жоспарыммен бөлісемін. Сондай-ақ жұмыс орнымызда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы баяндаймын, – деді Ұлыбритания премьері. Соңғы мәліметке сүйенсек, Ұлыбританияда  коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңнан асты. Елде 27 мыңнан астам адам індеттен көз жұмған. Вирус құрбандарының саны жөнінен бұл мемлекет Еуропа бойынша екінші орында тұр. Айта кетейік, Қазақстанда 3402 адамнан қатерлі вирус анықталды. 866 адам емделіп шықты, 25 науқас көз жұмды.