Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырды

Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин коронавирус инфекциясын жұқтырды. Премьер өзінің індетке шалдыққаны жөнінде президент Владимир Путинге мәлімдеді, деп хабарлайды «Россия-24».

«Дәл қазір коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талабы бойынша әріптесремінің қауіпсіздігі үшін оқшаулануым қажет», – деді Мишустан ел президентіне видеобайланыс арқылы жүгініп.

Премьер-министр үкімет өз жұмысын штаттық режимде жалғастыра беретініне сендірді. Ал министрлер кабинетін уақытша басқаруды бірінші вице-премьер Андрей Белоусовқа жүктеуді ұсынды. Путин оның ұсынысын қолдады.

«Мұндай жағдай кез келген адамның басына түсуі мүмкін», – деп В.Путин Мишустинге қызметі үшін алғыс айтты. Президент сондай-ақ онымен бұрын талқыланған мәселелер жөнінде ақылдасып тұратынын жеткізді.

«Сіздің пікіріңізсіз және қатысуыңызсыз түпкілікті шешім қабылданбайды», – деп Ресей президенті үкімет басшысының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 106 мыңнан асты. Елде індеттен 1073 адам көз жұмды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button