COVID-19: Түркістан облысында бір отбасының 7 мүшесі емделіп шықты
COVID-19: Түркістан облысында бір отбасының 7 мүшесі емделіп шықты
Түркістан облысы Арыс ауданында бір отбасының 7 мүшесі коронавирус дертінен айығып үйіне оралды. Алдағы уақытта аталған отбасы уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады.
Арыс ауданы удан бойынша дертке шалдыққан 17 науқас тіркелген. Олардың 14-і жазылды. Жақын және ықтимал қарым-қатынаста болған 28 адамнан сынама алынып, теріс нәтиже беруіне орай үйлеріне қайтарылды. Отбасымен қайта қауышқан азаматтар ақ халатты жандарға алғыстарын білдіруде.
Жалпы Түркістан облысы бойынша бүгінге дейін 38 адам коронавирус инфекциясынан жазылған.