«Нұрлы жер»: Алматы облысында 7 100 тұрғын үй салынады

«Нұрлы жер»: Алматы облысында 7 100 тұрғын үй салынады

«Нұрлы жер»: Алматы облысында 7 100 тұрғын үй салынады
ашық дереккөзі
Алматы облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 859 мың шаршы метр немесе 7 100 мың тұрғын үй салу міндеті тұр. Биылғы І тоқсанда салаға 28 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Үш айда облыс бойынша барлығы 191,9 мың шаршы метр немесе 1 489 жеке үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 22,3 млрд. теңге сомасында 66 жоба іске асырылып, 2330 адам жұмыспен қамтылады. 2020 жылы жалпы ауданы 95,1 мың шаршы метр болатын 1 602 жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 33 жобаны іске асыру үшін 9 млрд. теңге қарастырылған. І тоқсан қорытындысы бойынша әкімдікке 868,4 млн. теңге аударылып, ол 100% игерілді. Жыл соңына дейін 37,5 мың шаршы метр немесе 682 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұндай үйлердің құрылысына 825 адам жұмысқа тартылады. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 519 тұрғын үй үшйін 5,2 млрд. теңге қарастырылған. Тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 18 жобаны іске асыру үшін 2,9 млрд. теңге қарастырылған. Ол жобаларда 465 адам жұмыспен қамтылады.