Жаркент қаласында карантин енгізіледі

Жаркент қаласында карантин енгізіледі

Жаркент қаласында карантин енгізіледі
ашық дереккөзі
Кеше Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Вирус анықталған азамат Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.