Жаңалықтар

Таразда жүргізуші куәлігінен айрылған ару мас күйінде көлік жүргізген

ашық дереккөзі

Таразда жүргізуші куәлігінен айрылған ару мас күйінде көлік жүргізген

Таразда 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған ару ішімдік ішіп, рөлге отырған.  Polisia.kz-тің хабарлауынша, 24 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығындағы ықшам аудандардың бірінде 24 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы “Toyota Camry” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Төтенше жағдай режиміне қарамастан және алкогольдік мас күйінде бола тұра, ол көлік жүргізген. 2019 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (алкогольдік мас күйінде жүргізушінің көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде болған тұлғаның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.