Ресейде коронавирус құрбандарының саны 1037-ге жетті

Ресейде коронавирус құрбандарының саны 1037-ге жетті

Ресейде коронавирус құрбандарының саны 1037-ге жетті
ашық дереккөзі
Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны 1037-ге жетті. Бұл туралы елдің індетпен күрес жөніндегі шұғыл штабы хабарлады. Штабтың хабарлауынша, елдегі вирус құрбандарының көбі – мәскеуліктер. Соңғы тәулікте қалада 65 адам көз жұмған. Ал індет таралғалы бері ел астанасында 611 адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы коронавирус жұқтырған науқастар саны жөнінен әлемде 8-ші орында. Осы аптада ел 2 сатыға көтеріліп, алдымен Қытайдан, одан кейін Ираннан озды. Ресейде инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 100 мыңға жуықтады. Науқастардың 10 мыңнан астамы аурудан айықты. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 3205 науқас тіркелді. Олардың 819-і емделіп шықты. 25 отандасымыз көз жұмды.