"Пандемия әлі аяқталмайды": ДДСҰ Еуропада карантиннің жеңілдетілгеніне алаңдаулы

"Пандемия әлі аяқталмайды": ДДСҰ Еуропада карантиннің жеңілдетілгеніне алаңдаулы

"Пандемия әлі аяқталмайды": ДДСҰ Еуропада карантиннің жеңілдетілгеніне алаңдаулы
ашық дереккөзі
Коронавирустың салдарынан балаларға медициналық қызмет көрсету қиындады. Атап айтқанда, сәбилерге басқа ауруларға қарсы екпе егу жұмыстары тоқтап тұр.  Бұл туралы Женевадағы баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, бірқатар дамушы елдерде полиомиелитке қарсы егу тоқтатылды. ДДСҰ басшысы Батыс Еуропада карантиндік режимнің жеңілдетілуі індеттің қайта өршітуі әкеліп соғуы мүмкін екеніне алаңдаулы. "Еуропада шектеу шаралары азайғандықтан, біз елдерді барлық науқастарды анықтап, оларды оқшаулауға және тестілеуге, барлық деректерді өңдеуге, сондай-ақ індеттің таралуын әлі де төмендету үшін әрбір байланысты қадағалауға шақырамыз. Пандемия әлі аяқталмайды", - деді Тедрос Гебрейесус. ДДСҰ Африкада, Шығыс Еуропада, Латын Америкасында және кейбір Азия елдерінде COVID-19 инфекциясының өсуіне әлі де алаңдаулы. Бүгінде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3 024 059 адамға жетті. Олардың 208 мыңнан астамы көз жұмды.