Германияда әрбір тоғызыншы дүкенге күйреу қаупі төніп тұр

Германияда әрбір тоғызыншы дүкенге күйреу қаупі төніп тұр

Германияда әрбір тоғызыншы дүкенге күйреу қаупі төніп тұр
ашық дереккөзі
Коронавирустың таралуы салдарынан Германияда шағын және орта бизнес 75 миллиард еуро мөлшерінде табысынан қағылды, деп хабарлайды DW Мюнхендегі экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, мейрамхана және қонақ үй салаларының табысы 68 пайызға азайды. Ал әуетасымалдаушылар табысының 76 пайызын жоғалтты. Германияда ауданы 800 шаршы метрден аспайтын сауда орталықтарының  ашылғанына 10 күн өтті.  Кәсіпкерлер ұзақ үзілістен соң сауда қызу жүреді деп үміттенген. Алайда олардың болжамы расталмады. Бұл тоқсанда сауда айналымы екі есе қысқарды. Сарапшылардың есебінше, елде әрбір тоғызыншы дүкен жабылуы мүмкін. Індеттің салдарынан ең көп шығынға батқан сала – туризм. Германия мамандарының айтуынша, бұл саланың табысы 84 пайызға кеміген. Турфирмалардың үштен екі бөлігі дағдарысқа байланысты үкіметтен көмек сұраған. Соңғы дерек бойынша, Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 162 мыңнан асып жығылды. Олардың  113 мыңы емделіп шықты.  6467 адам індеттен көз жұмды.