4 мамырдан бастап жанданатын әуе рейстерінің тізімі жарияланды

4 мамырдан бастап жанданатын әуе рейстерінің тізімі жарияланды

4 мамырдан бастап жанданатын әуе рейстерінің тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға қатынайтын әуе рейстерінің уақытын жариялады. Бұған дейін 4 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданғанын хабарлағанбыз. Әуе компаниялар рейстерді мынадай кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр: «Эйр Астана» Алматы (13:55) – Қызылорда (14:40), Қызылорда (15:40) – Алматы (18:10), Алматы (12:10) – Қызылорда (13:40), Қызылорда (14:40) – Алматы (17: 10). Аптасына 7 рейс. Алматы (12:15) – Өскемен (13: 45), Өскемен (14:45) – Алматы (16:20). Аптасына 5 рейс. Нұр-Сұлтан (14:50) – Өскемен (16:15), Өскемен (17:15) – Нұр-Сұлтан (18:45), Нұр-Сұлтан (15:10) – Өскемен (16:35), Өскемен (17:35) – Нұр-Сұлтан (19:00), Нұр-Сұлтан (15:20) – Өскемен (16:45), Өскемен (17:45) – Нұр-Сұлтан (19:10). Аптасына 5 рейс. «SCAT» Нұр-Сұлтан (15:40) – Өскемен (17:10), Өскемен (18:10) – Нұр-Сұлтан (19:35), Нұр-Сұлтан (15:50) – Өскемен (17:10), Өскемен (22:30) – Нұр-Сұлтан (23:59). Аптасына 7 рейс. Алматы (09: 20) – Өскемен (10:30), Өскемен (11:30) – Алматы (12:45). Аптасына 7 рейс. Алматы (07:00) – Петропавл (09:20), Петропавл (10:10) – Алматы (12:20), Алматы (07:00) – Петропавл (09:20), Петропавл (16:30) – Алматы (18:50). Аптасына 3 рейс.  «Qazaq Air» Нұр-Сұлтан – 13: 40) – Өскемен (15:20), Өскемен (16:00) – Нұр-Сұлтан (17:45). Аптасына 3 рейс. Нұр-Сұлтан (08:30) – Петропавл (09: 40), Петропавл (10:10)-Нұр-Сұлтан (11:25), Нұр – Сұлтан (10:05) – Петропавл (11:15), Петропавл (11:55)-Нұр-Сұлтан (13:05). Аптасына 2 рейс. Нұр-Сұлтан (14: 30) – Қызылорда (15:20), Қызылорда (16:00) – Нұр-Сұлтан (18:50), Нұр-Сұлтан (15:30) – Қызылорда (16:20), Қызылорда (17:00) – Нұр-Сұлтан (19: 50). Аптасына 3 рейс. Нұр-Сұлтан (15: 00) – Семей (16: 35), Семей (17:05) – Нұр-Сұлтан (18:40). Аптасына 3 рейс. * Ұшу кестесін әуе компаниялары реттей алады Ұшулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар: - жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн); - жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар); - термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау; - әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру. Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді. Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет құнын сатып алу күні мен уақытына байланысты 10-нан 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі. Алдағы уақытта жағдай жақсарған кезде ішкі рейстердің санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылатын болады. ҚР ДСМ ақпараты бойынша коронавирустық инфекцияға тесттер ақылы негізде осы бағыттар бойынша ұшатын азаматтардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады, оларды «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарында, «Олимп» КДЗ-да және Қазақстанның тиісті қалаларындағы INVIVO зертханаларында өткізуге болады.