Қырғызстанда 729 адам коронавирус жұқтырған
30 сәуір, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Қырғызстанда 729 адам коронавирус жұқтырған
Қырғызстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 729 адамға жетті. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қатерлі вирусты жұқтырғандардың 394-і – әйел, 355-і – ер адам.
Жас мөлшеріне келсек, науқастардың 94-і 15 жасқа дейінгі балалар, оның 4-еуі – бір жасқа дейінгі сәби.
Сондай-ақ, 16-дан 19 жасқа дейін – 20 азамат, 20-дан 35 жасқа дейін – 204 азамат, 35-тен 55 жасқа дейін – 253 азамат, 55 жастан жоғары – 158 азамат індетке шалдыққан.
Елде коронавирус жұқтырғандардың 437-сі емделіп шықты. 8 адам көз жұмды.
Айта кетейік, Қазақстанда 3138 адамнан қатерлі вирус анықталды. Науқастардың 818-і дертінен айықты, ал 25-і қайтыс болды.