COVID-19: инфекцияның бар-жоғын анықтайтын ПТР тестінің құны қанша тұрады?

COVID-19: инфекцияның бар-жоғын анықтайтын ПТР тестінің құны қанша тұрады?

COVID-19: инфекцияның бар-жоғын анықтайтын ПТР тестінің құны қанша тұрады?
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов елорда мен Алматыға ұшатын жолаушылар ПТР тестін мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда тапсыра алатынын айтты.  «Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшу үшін ПТР тест тапсыру керек. Бұл тест бір-ақ рет тапсырылады. Коронавирусты жұқтырмағанын растайтын анықтама жеті күнге дейін жарамды. Жолаушы барған қаласында жеті күннен артық бөгелмесе, анықтамасы қайтып келуге де жарамды болады. ПТР тестті мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда тапсыруға болады. Жеке меншік зертханада ПТР тест бағасы 19-20 мың теңге аралығында болса, мемлекеттік зертханада 11500 теңге тұрады. Ондай зертханалар әрбір облыс, аудан орталықтарында бар», – дейді департамент басшысы. Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаеваның айтуынша, COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тест Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларына ұшардан екі тәулік бұрын тапсырылуы керек. «Жеті күн ішінде барып-келіп үлгеретін болса, аталған анықтама екі жаққа да жарамды болады», – деп қосты ол.