Коронавирус маусымдық аурулар тобына көшеді – Бас санитар дәрігер
Коронавирус маусымдық аурулар тобына көшеді – Бас санитар дәрігер
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова алдағы уақытта коронавирус маусымдық аурулар тобына енетінін айтты.
«Карантин болмағанның өзінде коронавирус инфекциясы өмір сүре беретінін түсінуіміз керек. Бұл індет маусымдық аурулар тобына көшеді, яғни бұған дейінгі «құс тұмауы» секілді жағдай орын алады. Сондықтан біз осымен өмір сүруге дағдыланып, қорғану шараларын үйреніп, күнделікті профилактикалық шараларды іске асыруымыз керек. Сәйкесінше, кәсіпкерлік нысандары, кез келген өндірістер бекітілген талаптарды орындауы тиіс», – деді Айжан Есмағамбетова.