Жаңалықтар

Жапон журналисі Ким Чен Ынның жасырыну жоспарын ашты

ашық дереккөзі

Жапон журналисі Ким Чен Ынның жасырыну жоспарын ашты

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жасырынып жатуы мүмкін. Оның жоғалып кетуінің болжалды себебін жапон журналисі Джиро Исимару айтты, –деп жазды The Guardian. Исимарудың айтуынша, Ким Чен Ын қайтыс болды деген болжам шындыққа жанаспайды. «Егер ол шын мәнінде көз жұмған болса, бұл жаңалықтың айналасында шу көп болатынын алға тартады журналист. Ким Чен Ын коронавирус жұқтыруы мүмкін немесе айналасындағылардың біреуі індетке шалдықты, сол себепті ол жасырынып жатыр», – дейді жапон журналисі. Джиро Исимарудың болжамынша, Солтүстік Корея басшысы Вонсан қаласында жасырынуы мүмкін. Өйткені сол қалаға қарай пойыз жолға шыққаны белгілі болды. Десе де, журналист мұның бәрі Ким Чен Ынның әккі айласы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Айта кетейік, КХДР көшбасшысы 11 сәуірден бастап жұрт көзіне түспеген. Тіпті, 15 сәуірде Ким Ир Сеннің туған күнін атап өту шарасына да қатыспаған. Ким Чен Ынның ұлттық мейрамға арналған маңызды шараларға қатыспауы оның төсек тартып жатуы мүмкін деген қауесеттердің тарауына себеп болды. Ел билігі мен жергілікті БАҚ бұл ақпаратқа қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.