COVID-19: жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді – ресми дерек

COVID-19: жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді – ресми дерек

COVID-19: жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді – ресми дерек
ашық дереккөзі
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы төмендеп келетінін мәлімдеді.  Онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында бас санитар: «Соңғы аптада жалпы ел аумағында вирусты жұқтыру көрсеткіші 8-ден 5,5 пайызға (28 сәуірдегі жағдай бойынша) дейін төмендегенін көріп отырмыз. Бір аптада республика бойынша коронавирусты жұқтырғандардың өсімі 2,5 пайызға азайды», – деп атап өтті. Осы орайда дәрігер карантин талаптарын әлі де қатаң ұстану керегін айтты. «Алайда кей өңірлерде коронавирус жұқтыру жағдайы жалғасуда, яғни ол аймақтарда инфекцияны жұқтырғандар өсімі 0-ден 40 пайызға дейін құбылып тұрады. Бұдан сырқаттану ағыны өзгермелі сипатқа ие екенін байқауға болады. Сондықтан, өңірлерде жүзеге асып жатқан карантиндік шараларды жалғастыру керек. Талап жеңілдетілген күннің өзінде қауіпсіздік ережесін ұстану аса маңызды», – деді Айжан Есмағамбетова.