Карантин: 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлері бекітілді

29 сәуір, 2020 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Карантин: 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлері бекітілді Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік комиссия өңірлердің әкімдерінің ұсыныстарын қарап, Денсаулық сақтау министрлігінің позициясын ескере отырып, бірқатар шешім қабылдады. Биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады. Өңірлердің әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмысқа кірісетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар ТЖ кезінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, сыртқы сауда операцияларын жүргізу және т.б. мәселелерді қарастырды.