Атыраудағы 200 кенші Алматыға арнайы рейспен жеткізілді

Атыраудағы 200 кенші Алматыға арнайы рейспен жеткізілді

Атыраудағы 200 кенші Алматыға арнайы рейспен жеткізілді
ашық дереккөзі
Атырау облысындағы кен орнында вахтамен істейтін жұмысшылар арнайы әуе рейсімен Алматыға жеткізілді, – деп хабарлады жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.  «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлері өткен ай бойы теңізде жұмыс вахтасында болған. Компания басшылығы жұмысшыларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша үйіне қайтару туралы шешім қабылдаған. Жолаушылардың бәрі Атырау облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне қажетті сауалнамалар мен қолхаттарды толтырған. Сонымен бірге, жұмысшыларға тест жүргізіліп, нәтижесі теріс болған жағдайда ғана ұшаққа отырғызылуға рұқсат етілген. 200 адамның бәрі Алматы және Алматы облысының, соның ішінде Талдықорған қаласының тұрғындары болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмысшыларың барлығы келгеннен кейін коронавирусқа анализ тапсырып, нәтижелері белгілі болғанша карантинге жатқызылды. Кен орнынан жұмысшылардың Алматыға дейін ұшақпен келуі, қызметкерлерге тест жүргізу және карантин ұйымдастыру жұмыс берушілердің есебінен жүзеге асырылды.