Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысындағы әуе рейстері ашылады
Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысындағы әуе рейстері ашылады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram-парақшасында келесі айдан бастап аймақта әуе рейстері ашылатынын жазды.
«Мемлекеттік комиссия төрағасы, Премьер-Министр Асқар Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Семей», «Алматы-Семей» бағыттары бойынша бір рейстен ұшады», – дейді әкім.