Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысындағы әуе рейстері ашылады

Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысындағы әуе рейстері ашылады

Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысындағы әуе рейстері ашылады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram-парақшасында келесі айдан бастап аймақта әуе рейстері ашылатынын жазды. «Мемлекеттік комиссия төрағасы, Премьер-Министр Асқар Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Семей», «Алматы-Семей» бағыттары бойынша бір рейстен ұшады», – дейді әкім.