Карантиннің отандық автокөлік нарығына әсері қандай?

Карантиннің отандық автокөлік нарығына әсері қандай?

Карантиннің отандық автокөлік нарығына әсері қандай?
ашық дереккөзі
Доллардың өсуі мен карантиннің айтарлықтай ұзара түсуі елдің автомобиль нарығына да өз әсерін тигізбей кете алмады. Биылғы жылдың 28 ақпанында доллар құны 381 теңгені құраса, көктемде, яғни дәл бүгінгі күні ол 431 теңге болып отыр. Бұл жолы автомобиль бағалары американдыққа қарағанда қазақстандық валютаның едәуір құнсыздануына жауап беріп отырған сыңайлы. Сондай-ақ ол импорттық және Қазақстанда құрастырылған автомобильдерге де қатысты. Мәселен, «Бипек-Авто» – «Aзия-Авто» тобына Қазақстандағы ең ірі автомобильдер құрастыратын зауыт – Өскемен зауыты да кіреді. Компанияның нақты мәлімдемелері бойынша, топтың автоорталықтарында Lada, KIA, Skoda және UAZ маркалары бар. Олардың барлығы Өскемен зауытының құрастыру желісінен шығады. Бүгінгі күні  «Азия Авто» зауытының өзіндік өндірісі бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұр. Ресейлік маркалы автомобильдерді өндіруге арналған құрамдас бөліктер рубльмен сатып алынады, сондықтан Lada және UAZ бағалары басқаларға қарағанда төменірек, өйткені теңге мен рубль бағамы мұнай бағасына байланысты өзгереді дегенге саяды. «Шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, біз KIA құрамдас бөліктерін сатып алуды рубльге айырбастау бойынша жұмыс істеп жатырмыз, бұл бізге валюталық тәуелділікті азайтуға және клиенттерді бағаның одан әрі өсуінен қорғауға мүмкіндік береді», – дейді компания, өздері жайлы ақпарат беттерінде (Forbes.kz). Олар наурыз айында сатып алушылардың қызығушылығы дәстүрлі түрде жоғары болғандығын және биылғы жылы алдымен теңгенің құнсыздануына байланысты бағаның көтерілуі де артқанын  атап өтті. Содан кейін көптеген қалалардағы автокөлік орталықтары төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты жабылуға мәжбүр болғандығын айтады. Әйтсе де «Бипек авто» мен «Азия авто» IT мамандарымен автомобильдердің онлайн сатылымын бастап кеткен. «Интернетті дамыту автокөлік салондарында сатуға байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, яғни сатып алушыға пайдасын арттыру үшін жаңа ресурстар пайда болады», – деп есептейді компания. Ресейде сарапшылар 2020 жылы автомобильдер нарығының 50% құлдырауын күтуде. Ал Қазақстанда қатысушылар «нарықтың 2020 жылғы нәтижелерін болжауға әлі ерте» дейді. Мүмкін нарық жеңілдетілген автонесиелердің мемлекеттік бағдарламасын ішінара қолдайтын шығар. «Ол үлкен сұранысқа ие, барлық транштар қысқа мерзімде игерілді. 7,5% мөлшерлеме – бұл біздің нарықтағы ерекше ұсыныс, – деп «Бипек авто» мен «Азия авто» нық сенімді. Шынтуайтына келгенде, кейбір болжамдар бұл бағдарлама – отандық өнімді тұтынушыларды ынталандыру ретінде маңызын арта түсіруге алып келуі де әбден мүмкін дейді. Әсел Жақсыбай