«Жұмысқа тұрғызамын»: 30 адамды алдап, 13 млн теңгені жымқырған әйел ұсталды

«Жұмысқа тұрғызамын»: 30 адамды алдап, 13 млн теңгені жымқырған әйел ұсталды

«Жұмысқа тұрғызамын»: 30 адамды алдап, 13 млн теңгені жымқырған әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындажұмысқа тұрғызамын деп, бас-аяғы 30 адамды алдап кеткен алаяқ әйел жәбірленушілерге миллиондаған шығын келтірген, – деп жазды ҚазАқпарат. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғындардың бірі тәртіп сақшыларына арызданып келген. Оның сөзінше, жақсы таныс емес әйел кез келген мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған. Сеніміне кіріп, ұлы мен күйеубаласын жұмысқа тұрғызу үшін 1,5 миллион теңгеге жуық ақша берген. Алайда артынша жер сипап қалған. Өзге арызданушылар да алаяқ әйелдің «Мүгедек балаларды оңалту орталығын ашамын, соған медбике, тәрбиеші, әлеуметтік қызметкер, техникалық қызметкер етіп жұмысқа қабылдаймын. Әр жұмыстың өзіндік бағасы бар» деп айтқанын көрсеткен. Сөйтіп, жәбірленушілерден 350-600 мың теңге аралығында алған. Оны ұстау үшін аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылды. Әйелдің жеке тұлғасы анықталып, бес күн ішінде қолға түсті. Ол Шымкент қаласында тұратын егде жастағы әйел болып шықты. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Тергеу барысында анықталғандай, ол осылай алаяқтық жолмен 30-ға жуық тұрғынды алдаған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 13 млн теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.