42 500 теңге екінші рет қашан беріледі – министрлік жауабы
42 500 теңге екінші рет қашан беріледі – министрлік жауабы
Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің екінші айға қашан берілетіндігі белгілі болды.
Қазақпараттың ақпарынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші айға арналған әлеуметтік төлем қазақстандықтардың есепшотына бірінші төлем түскен күннен кейін бір айдан соң түседі. Яғни, 42 500 теңге төлемді сәуір айының 11-де алған азаматтар мамыр айының бірінші онкүндігінде екінші төлемге қол жеткізеді» – деп түсіндірген.
Айта кетсек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды: алғашқы айда – 3 млн 731 мың, екінші айда – 520 мың төлем.