Болашаққа салынған инвестиция

Болашаққа салынған инвестиция

Болашаққа салынған инвестиция
ашық дереккөзі
Карантин басталған қиын сәтте жұмыссыз немесе күнделікті табыссыз қалған азаматтарға мемлекет барынша қолдау білдіріп, қаржылай және қажетті заттармен қамтамасыз етіп отыр. Осынау көмекке қол жеткізген ел тұрғындары атқарылып жатқан іске Түркістан облысындағы аналар дән ризашылықтарын білдірді.

Үйге қажеттінің бәрі бар

Севара ӘБДІРАСЫЛОВА, жалғызбасты ана: – Мен төрт бала асырап отырған жалғызбасты анамын. Елімізде арияланған төтенше жағдайға байланысты, мемлекет тарапынан берілетін тиісті  әлеуметтік көмекті алдық. Осы жолы үш айлығы бір жолда түсті. Одан бөлек кеше азық-түлікпен қосымша тағы да көмек көрсетті. Үйге қажеттінің бәрі бар. Сондықтан да көмекке мұқтаж аналарды қолдап жатқан елімізге рақметімді айтамын.

Болашаққа салынған инвестиция

Фарағат ӘРІПОВА, көп балалы ана: – Мен көп балалы анамын. Қазіргі карантин кезінде мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекті алып, қуанып жатырмыз. Азық-түлікпен де қамтамасыз етті. Осындай қолдау көрсеткен Президентімізге алғыс айтамыз. Балаларға көрсетілген қолдау – болашаққа салынған инвестиция деп білемін.

Бақыт БЕКОВ