Еліміздегі жоғары жалақы төленетін мамандықтар қандай?
28 сәуір, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Еліміздегі жоғары жалақы төленетін мамандықтар қандай?
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Қазақстанда ең көп жалақы төленетін салаларды атады.
«ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер» онлайн конференциясында сарапшы: «Еліміздің мұнай-газ және тау-кен ісі, электроника мен автоматтандыру, жылу энергетикасы салаларында істейтін мамандардың жалақысы жоғары. Мұнда техникалық мамандықтардың еңбекақы, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жөнінен алда тұрғанын атап өткіміз келеді. Яғни, түлектер мен ата-аналар үшін жақсы нұсқаулық, қазіргі уақытта техникалық мамандықтарға сұраныс көп», – деп атап өтті.