«Birgemiz» қоры: тағы 30 мың мұқтаж отбасыға қаржылай көмек беріледі

«Birgemiz» қоры: тағы 30 мың мұқтаж отбасыға қаржылай көмек беріледі

«Birgemiz» қоры: тағы 30 мың мұқтаж отбасыға қаржылай көмек беріледі
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек фейсбук-парақшасында «Birgemiz» қоры тағы 30 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударатынын жазды. «Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры 330 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударды. Бүгін-ертең тағы да 30 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Birgemiz» қорынан екінші дүниежүзілік соғыстың 40 мың қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден төлемақы алды. 800-ден астам ардагер мен 8 мың тыл еңбеккеріне азық-түлік себеттері мен жеке қорғаныс құралдары жеткізіліп берілді. Ардагерлерімізге қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай да жалғаса береді», – деді Бауыржан Байбек.