Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі аталды
Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі аталды
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев отандық еңбек нарығында сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін атады.
«ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер» атты онлайн конференциясында О.Ордабаев: «Жұмыс орындарына келсек, қазір механизаторлар, жүргізушілер, аспаздар, тәрбиешілер, тігіншілер, сауда өкілдері, даяшылар көп сұранысқа ие. Көп жағдайда мұнда колледж түлектері жұмыс істейді және бірқатар санат арнаулы білімді талап етпейді», – деді.