Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

28 сәуір, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылары 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Күніне 4 рейстен болады, оның ішінде 2 рейсті – «Эйр Астана», 1 рейсті – «Fly Arystan» және 1 рейсті «SCAT» әуе компаниясы орындайды. Әуе компаниялары билет бағасын рейстер тоқтағанға дейінгі деңгейде сақтауға міндетті. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады. Сапарға шыққанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитар дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтау керек. Олардың негізгілері мыналар: Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді. Әуе билетін бүгіннен бастап төмендегі бағыт бойынша сатып алуға болады: І. Эйр Астана (Embraer 190/ 108 орын): ІІ. Fly Arystan (Airbus 320/ 180 орын): 3. SCAT (Boeing 737/ 144 орын): Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасататынын айта кету керек. Тест өтуге болатын зертханалардың мекенжайы мен телефоны: Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында рейстер тоқтатылғанға дейін күніне 17 рейс («Эйр Астана» – 9 рейс, «SCAT» – 3 рейс, «Qazaq Air» – 2 рейс, «Fly Arystan» – 3 рейс) орындалатын.