Павлодарда ХҚКО іске қосылды

Павлодарда ХҚКО іске қосылды

Павлодарда ХҚКО іске қосылды
ашық дереккөзі
Бұл жолы шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталығы Павлодар қаласында жұмыс істей бастады. Бұл туралы шешімді Павлодар облысының төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады. Таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатынын атап өткен жөн. Кәсіп иелерін қабылдау облыс әкімдігінің алдын-ала ұсынылған тізіміне сәйкес жүргізіледі. Ол тізімге несиелендіру бойынша оң шешім алған кәсіпкерлер кіреді. Айта кетейік, дәл осындай ХҚО өткен аптада Алматы қаласында ашылған болатын. Осы уақыт аралығында онда кәсіпкерлер 500-ден астам қызмет алған. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуды және бетперде кию тәртібін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері де маскалар мен қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайы: Павлодар қ. Есенәлиев к-сі, 24. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма аралығы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.