Республиканың басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Республиканың басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Республиканың басым бөлігінде ауа райы бұзылады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жауын жауады, жекелеген аудандарда ол мол көлемде жаууы ықтимал. Тіпті найзағай ойнап, күшті жел тұруы, бұршақ жаууы да мүмкін. Республиканың бірқатар бөлігіне тұман түседі. Түркістан облысында күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Жамбыл облысының кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі ықтимал, кей жерлерге бұршақ жауады. Қызылорда облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20 метр болады. Кей жерде екпіні 23-28 метрге дейін барады. Жел артынан бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында күшті жел тұрады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, облыстарында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысына тұман түсіп, бұршақ жауып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.