Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілді

28 сәуір, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен соң Қарағанды облысында карантин режимі жеңілдетілді. Теміртауда ерекше жағдай сақталуда, карантиндік шаралар санын ішінара төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді. Металлургтер қаласында қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек құрылыс нысандары, ТҚС, шинамонтаждау, көлік жуу орындарына ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарына келетін болсақ, жеңілдіктер тұрғындарға саяжай учаскелеріне шығуға мүмкіндік береді, қоғамдық көлік жұмысын бастайды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметіне рұқсат береді. Мысалы, тұрғындарға келесідей әрекеттерге рұқсат етіледі: Келесі ұйымдарға жұмыс істеуге рұқсат етілген: адвокат кеңселері, нотариустар, ТҚС, шина монтаж шеберханалары, көлік жуу орындары, екінші деңгейлі банктер, ХҚКО. Ауылшаруашылық техникасын, жабдықтарды көтерме саудамен сату қайта іске қосылды. Сондай-ақ тұқым, көшеттер және басқа да көшет материалдарын сату жөніндегі мамандандырылған дүкендерге және бөлімдерге жұмыс істеуге рұқсат етілген. Сауда нүктелеріне тек жеткізу режимінде тұрмыстық техника мен электр жабдықтарын, жануарларға арналған тауарларды, тұрмыстық химияны, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатуға рұқсат етілген. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жұмысты жаңартатын барлық кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қатаң түрде алдын ала жазылумен ғана қызмет көрсетуі тиіс. 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салу әлі де қала береді. Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың (5 адамнан астам) жиналуына, саябақтар мен гүлзарлар аумағында серуендеуге тыйым салынады (тыйым салынған қызмет түрлерінің толық тізбесі №16 қаулыда көрсетілген). Төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті және карантиндік режимді қамтамасыз ету мақсатында Қанат Асқаров православтардың көктемгі дәстүрі бойынша зиратқа бармауды ұсынды. «Осы жеңілдіктерге түсіністікпен қарауды сұраймын. Қырағылықты жоғалтудың қажеті жоқ, жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қауіпсіздіктің негізгі шарты әлеуметтік қашықтықты, облыстың әрбір тұрғынының жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерде дезинфекциялық режимді сақтау маңызды болып қалатынын есте сақтаңыздар. Карантиндік режимнің орындалуын бақылау шаралары жалғасатын болады», – деді ведомство басшысы. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12, 13, 14, 15 қаулысының күші жойылды.