Bizbirgemiz: Ерлан Қаналимов акцияның екінші толқыны туралы айтты

Bizbirgemiz: Ерлан Қаналимов акцияның екінші толқыны туралы айтты

Bizbirgemiz: Ерлан Қаналимов акцияның екінші толқыны туралы айтты
ашық дереккөзі
Халықты әлеуметтік жағынан қолдауға бағытталған BizBirgemiz акциясының мақсатын түсіндіру үшін Nur Otan партиясының өңірлердегі филиалдарының жетекшілері онлайн түрде халықпен арнайы кездесу өткізіп жатыр. Іс-шара барысында партия өкілдері тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап беруде. Эфирге кіріп, азаматтармен пікірлескен Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов әлеуметтік желіде наурыз айының соңында бастау алған BizBirgemiz республикалық акциясы туралы айтты. 2 сағаттан астам уақыт ішінде көрермендерден 1 000-нан астам сұрақ келіп түсті. Олардың басым бөлігі Birgemiz қоғамдық қорынан төленетін төлемдерге және халықтың әлеуметтік осал топтарын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге байланысты сауалдар болды. Сондай-ақ көптеген тұрғындар партиялықтардан азық-түлікті жасақтау мен тасымалдауға қалай көмектесуге болатынын сұрады. – Елорда бойынша азық-түлік себетін барлығы 11 мыңға жуық отбасы алып үлгерді. Бүгінгі күні құны 127 миллион теңге болатын 8 472 жиынтық таратылды. Акцияның екінші толқынында 28 073 отбасына 1,4 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаражатты аудару келесі санаттар бойынша басталады: аз қамтылған отбасылар, оның ішінде көп балалы отбасылар – 7 593 адам, көмекке мұқтаж мүгедектер – 9 391 адам, мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын тұлғалар – 469 адам, зейнеткерлер – 10 532 адам, жетімдер – 42 адам, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілгендер – 8 адам, тыл еңбеккерлері – 38 адам, – деді Ерлан Каналимов. Ол сонымен қатар карантин басталғалы бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында елордалық партиялықтар 25 миллион теңге сомасына 16 мың бөтелке антисептиктер (блокпостар, медициналық мекемелер, әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдарына, Қарттар үйі, балалар үйі және т. б.) таратылғанын айтты. Жалпы аталмыш іс-шара шара барысында 1,5 миллион данадан астам медициналық маскалар халықтың әлеуметтік осал топтарына және медициналық мекемелерге берілген. Айта кетейік, партиялықтар еліміздегі төтенше жағдай кезінде халықпен оңтайлы тәсіл арқылы байланыс орнатып, әлеуметтік желіде партия мен мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мәселелері туралы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерді халықпен бірге талқылады. Ал тұрғындар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап алып, қиын шақта халықпен бірге бола білген партиялықтарға алғысын білдірді.  

Әбілмансұр ЖАСАН