Президент Nur Otan партиясының ТЖ кезіндегі жұмысын жоғары бағалады

Президент Nur Otan партиясының ТЖ кезіндегі жұмысын жоғары бағалады

Президент Nur Otan партиясының ТЖ кезіндегі жұмысын жоғары бағалады
ашық дереккөзі
Елімізде төтенше жағдай кезінде 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Мемлекет басшысының күрделі кезеңде белсенді қызмет еткен Nur Otan партиясының жұмысын жоғары бағалады.  «Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда», - деді Президент. Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті коронавирустың таралуына байланысты енгізілген карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады. Өз мәлімдемесінде Мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатынын айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы әуе тасымалы қайта жанданатынын хабарлады.