Алматыда жаңадан салынған аурухана алғашқы пациенттерін қабылдай бастады
Алматыда жаңадан салынған аурухана алғашқы пациенттерін қабылдай бастады
Алматыда жаңадан салынған аурухана COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдауға кірісті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Кеше И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір онда 43 науқас бар», - делінген басқарма хабарламасында.
Айта кетейік, бұл аурухана 280 төсек-орынға есептелген. Құрылымына 9 клиникалық бөлім, 28 адамға арналған жансақтау бөлімі, далаға жеке шығатын бір орындық 10 палата, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді.
Сонымен қатар, модульдік кешенде палаталарда желдету жүйесі жұмыс істейді. Вирустары бар ауа палатадан тыс жерге шықпай, ол арнайы заларсыздандыру жүйесіне түседі.