Жаңалықтар

COVID-19: Ғалымдар пандемияны жеңудің жалғыз жолын атады

ашық дереккөзі

COVID-19: Ғалымдар пандемияны жеңудің жалғыз жолын атады

Зерттеушілер коронавирусты жеңудің жалғыз амалын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 індетінен емделіп шыққандардың иммунитеті вирустан қорғай алмайды. Ииммунология профессоры Эрик Вивьенің айтуынша, антиденелерді қажетті көлемде жинау үшін ағзаға үш аптаға жуық уақыт керек. Алайда мұның өзі ағзаны бірнеше айдан артық уақыт қорғай алмайды. Лондондағы университеттік колледждің генетика институтының директоры Франсуа Баллудың сөзіне сүйенсек, коронавирусты екінші мәрте жұқтырған науқастар тіркелген. Ғалымның айтуынша, бұл вирустың адам ағзасынан жоғалып кетпейтінін, тек белгілі бір уақыт әрекетсіз және белгілерсіз қалатынын көрсетеді. Мәселен "созылмалы инфекция" герпес сияқты. Сондықтан мамандар вирус болашақта жоғалып кетеді деген пікірлерді жоққа шығаруда. "Қазіргі кезде індетті жеңудің жалғыз жолы  – бұл вакцина", – дейді Перттегі Кертин университетінің профессоры Арчи Клементс. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3 млн адамға жетеғабыл. Індет құрбандарының саны 200 мыңнан асты. Ал Қазақстанда 2717 адамнан қатерлі вирус анықталды. Індеттен 682 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 25 отандасымыз көз жұмды.