Үндістанда дүкендердің жұмысы қайта жанданды

Үндістанда дүкендердің жұмысы қайта жанданды

Үндістанда дүкендердің жұмысы қайта жанданды
ашық дереккөзі
Үндістанда карантиндік шектеулер алына бастады. Жергілікті халық қалыпты тіршілікке біртіндеп оралуда.  Ел билігі аграрлық сала және өнеркәсіп орындарының қызметкерлеріне жұмысқа шығуға рұқсат берді. Сондай-ақ, Үндістанда бірқатар дүкеннің  жұмысы жанданды. Үкімет халықты барлық сақтық шараларын сақтауға, қоғамдық орындарда медициналық маска тағып, қолғап киюге, антисептиктерді пайдалануға және арақашықтықты ұстануға шақырды. Бүгінде Үндістанда  26 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 800-ден астамы қайтыс болды. Айта кетейік, бұған дейін Италияда да карантиндік шаралар жеңілдетілетінін хабарлағанбыз. Десе де, Италия үкіметі Италия 2020 жылдың соңына дейін шетелдік туристерді ел аумағына кіргізбейтінін мәлімдеді.