Қызылорда облысында соңғы тіркелген 7 науқастың алтауы – медицина қызметкері

Қызылорда облысында соңғы тіркелген 7 науқастың алтауы – медицина қызметкері

Қызылорда облысында соңғы тіркелген 7 науқастың алтауы – медицина қызметкері
ашық дереккөзі
Бүгін Қызылорда облысында 7 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың алтауы – медицина маманы.  Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді. «Олардың арасында 1-уі дәрігер, 2-уі көлік жүргізушісі, 1-уі техникалық қызметкер және 2 медбике бар. Аталған азаматтар инфекцияны скринингтік тексеруден өткізу барысында жұқтырған», - деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді. Ал  елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2693-ке жетті. Науқастардың 677-сі емделіп шықты. 25 адам көз жұмды.