Жаңалықтар

«Біз біргеміз!»: Ақмолалықтарды интернеттің баяулығы мен дәрі-дәрмек тапшылығы алаңдатады

ашық дереккөзі

«Біз біргеміз!»: Ақмолалықтарды интернеттің баяулығы мен дәрі-дәрмек тапшылығы алаңдатады

Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырды. Партия филиалының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтарға мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы туралы толыққанды ақпарат берілді. Тікелей эфирді 884-тен астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 400-ден астам сұрақ жолданды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басым көпшілігіне нақты жауап берілді. Әсіресе, 42500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Сонымен қатар Birgemiz қоғамдық қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтар да көптеп қойылды. Облыс бойынша жүріп-тұруға арналған шектеулерге байланысты, Шортандыдағы дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі, Қосшыдағы интернет байланысының әлсіздігі төңірегінде сауалдар қойылды. Тікелей эфир барысында Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қойылған әр сауалға нақты жауаптар беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды. Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлуеметтік көмектер, 42500 жәрдемақысы және 15000 коммуналдық төлем ақы, «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге материалдық көмектері туралы болды. Жалпы Nur Otan партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Ақмола облысы бойынша 4057 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, жасотандықтар және партия өкілдері айрықша белсенділік таныты. Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қоры арқылы Көкшетау қаласының 2930 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда.