Birgemiz: Маңғыстауда 6 мыңнан астам адамға 50 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді

Birgemiz: Маңғыстауда 6 мыңнан астам адамға 50 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді

Birgemiz: Маңғыстауда 6 мыңнан астам адамға 50 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Күллі мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен республикалық «Birgemiz» қорынан өңірлік «Birgemiz-Mangystau» өңірлік қорына барлығы 324 350 000 теңге бөлінгендігін атап өтті. Бір сағатқа созылған тікелей эфир кезінде облыстық партияның ресми парақшалары facebook 500-ге жуық, ал Instagram-ға  300 астам желі қолданушылары қосылды. Facebook-ке барлығы 113 сұрақ түссе, Instagram-ға 273 сұрақ, ұсыныс-пікір қалдырылды. Тікелей эфир барысында Елубай Жақайұлы барлығы 143 тұрғынның сұрағына  тұшымды жауап берді. Сондай-ақ, эфирден соң қойылған сұрақтар жауапсыз қалмайды, ал ұсыныстар мен пікірлер міндетті түрде ескерілетін болады. Сұрақтардың дені әлеуметтік көмек алушылар тізімінде бар немесе жоқ екендігін білу, берілетін қаржы не себепті тек Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының тұрғындарына тиесілі екендігі, төтенше жағдай кезінде 50.000 мыңнан бөлек 42.500 және 15.000 теңгені қалай алуға болатындығы туралы қойылды. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирді  республикалық «Астана» түсірді. Тікелей эфирде Елубай Әбілов «Республикалық «Birgemiz» қорынан бөлінген қаражат жеті санат бойынша  6487 адамның шотына Ақтау қаласы бойынша 4374, ал Жаңаөзен қаласы бойынша 2113 адам  50 000 теңге көлемінде қаражат толығымен аударылды. «Birgemiz» қорынан  жеті санат бойынша көмек алды. Олар: аз қамтылған көп балалы отбасылар, І – топтағы мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер, жетім балалар (оның ішінде: тұлдыр жетім балалар мен асыраушысының бірінен айырылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер, оларға теңестірілгендер және тыл ардагерлері. «Birgemiz-Mangystau» қоғамдық  қорынан көмек алушылардың тізімдері жергілікті әкімдіктер жасақтады. Әр банктен көмек алушылардың шоттарының жағдайы нақтыланды. Арестке түсіп қалған шоттармен дер кезінде жұмыстар жүргізілді. Бір адамның бірнеше санатта қайталануын болдырмау мақсатында барлық санаттар бойынша адамдардың аты-жөндері мұқият тексеруден өтті. Тізімге алынған адамдардың ақша аудару кезеңінде қайтыс болып кету жағдайлары болу – болмау мәселесіне орай күнделікті зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының базасымен күнде ақпарат алмасу жұмыстары жүргізілді. 50 000 теңге мәселесімен байланысқа шыққан тұрғындарға партия филиалы қызметкерлері нақты түсіндіріп, жауап берілуде -  деді. Сонымен қатар Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында меценаттар, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтардың қолдауының арқасында бүгінге дейін 2704 отбасыға (35 108 650 теңге көлемінде), бірінші кезектегі азық-түлік себет пен медициналық маскалар, антисептикалық құралдар сатып алынды. Әлеуметтік көмекті партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары арқылы халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына байланыссыз тарату жолымен берілді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын аударғаны туралы облыстық партияның бірінші орынбасары айтты. «Birgemiz» республикалық акциясы басталғалы әлеуметтік желілерде ақпараттар тұрақты жарияланып отыр. Сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары (телеарна, радио, газеттерінде) тұрғындарды құлақтандыру мақсатында сюжет, мақала, сұқбаттар берілуде. Маңғыстау облыстық телеарнасындағы бір сағат тікелей  эфирде өткен «Мәміле» хабарына «Birgemiz-Mangystau» өңірлік қорының құрылтайшысы Аят Сүгірбай қатысып, тұрғындарға қор туралы ақпарат берді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Мұхамбет Жайлыбаев «Жол баян» радиосына «Қоғам тынысы» бағдарламасына қатысып, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауап берді. «Birgemiz-Mangystau» қоғамдық қорының әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаргамм)  парақшалары және сайты ашылды. Тікелей эфирде Елубай Жақайұлы республикалық «Birgemiz» қорынан беріліп жатырған 50 000 теңге бойынша әлеуметтік желілер (фейсбук, инстаграм  парақшаларына) және байланыс телефоны, уатсапқа тұрғындардан облыс бойынша күніне 100-ден астам өтініштер келіп түседі.  Партия тарапынан өтініштер жедел қаралып, көмек көрсетіліп жатырғанын айтты.