Оралда ер адам 10-қабаттан секіріп, мерт болды
Оралда ер адам 10-қабаттан секіріп, мерт болды
Орал қаласында ер адам 10-қабаттан секіріп кетті.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 25 сәуір күні Д.Қонаев атындағы шағынаудандағы көп қабатты үйлердің бірінде болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Азиат пішіндес, жасы 35-40-тардағы ер адам 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.