Полиция көлігімен соқтығысқан жүргізушінің ісі тергелуде
Полиция көлігімен соқтығысқан жүргізушінің ісі тергелуде
Алматыда жол-көлік апаты орын алып, салдарынан үш полиция қызметкері зардап шекті, – деп жазды ҚазАқпарат.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 25 сәуір күні күндіз Түрксіб ауданында болғанын айтты.
«Toyota көлігінің жүргізушісі Клара Цеткин көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатып, «жол беру» белгісіне мән бермей, Бекмаханов көшесіндегі бас жолға шығып кетіп, ондағы полиция көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған үш полиция қызметкері дене жарақатын алды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы фактісі Түрксіб ауданы полиция басқармасында тергелу үстінде.