Алматы облысында 8 айлық сәбиден коронавирус табылды
25 сәуір, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Алматы облысында 8 айлық сәбиден коронавирус табылды
Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың тоғызы Іле ауданының, үшеуі Қапшағай қаласының тұрғындары болса, біреуі Украина азаматы, – деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың ең кішісі – 8 айлық сәби, ең үлкені – 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде.
Айта кетейік, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86 адамға жетті.